Террорист деп танылған Викрам Рузахунов бар шындықты айтып берді

4608
Adyrna.kz Telegram

Қаралы қаңтар кезінде қырғынға қатысты деген күдікпен ұсталған Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов сол кездегі болған жағдай азаптау жағдайы туралы толығынан баяндап берді. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Баршаға жария болған интервью болмағанда, менің кім және қайда екенімді ешкім білмес еді,- деді ол өз жазбасында.

“Алайда, мен журналистерге Қырғызстанда жұмысым бар екенін айттым, олар сенбеді. Талай жазықсыз жандардың ішінен дәл маған жаттанды сценарийді беріп, камера алдына шығарғанына шын қуаныштымын.

Дәрігерлердің болжамы бойынша, маған көп уақыт қалмады, сынған қабырғалар сол жақ өкпеме зақым келтірді. Тағы бірнеше соққы алғанымда бәлкім жүрекке зақым келер ме еді...,- деді ол.

Өзін құтқарып, Қырғызстанға қайтуына көмектескен әр жанға алғысын білдірді.

“Қазақстанның құқық қорғау органдарының ешқайсысы жауап алу кезінде маған сенбеді. Мен қайта-қайта танымал әнші екенімді айттым,- деді Викрам.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер