Депутат көпбалалы аналарға дөрекі сөйлеп, қайырымдылық көрсетуден бас тартты

5293
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда G-Park құрылыс компаниясының жетекшісі Ғабит Сәтмағамбетов көп балалы аналарға дөрекі жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Міне, бізден тағы бір депутат қашып кетті, қараңыздар, қашып кетті. Бері кел, сен депутат емессің бе?!» деді видеодағы әйел Сәтмағамбетовке.

Жауап ретінде ол әйелдер неге айғайлап жатыр деп таң қалды.

«Кетші,ей! (Да идите в задницу!)» деді Сәтмағамбетов. Артынша ол көпбалалы аналармен сөзге келісіп қалды.

«Халық таңдауының» бұл әрекеті жиналғандардың наразылығын тудырды.

Кейін депутат әйелдердің жеке намысына тигенін айтты.

«Мен, Ғабит Сатмағамбетов, қайырымдылық қорының иесі ретінде көп балалы аналарға көрсетілетін қайырымдылық көмекті тоқтатамын. Маған деген осындай қарым-қатынастан кейін, барлық істеген істерімнен кейін, менде көмектескім келмейді. Мен үзіліс жасауды шештім!» деп жазды Сәтмағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер