Бердімұхамедовтың ұлы президенттікке үміткер ретінде ұсынылды

3215
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстанның қазіргі басшысының ұлы Сердар Бердімұхамедов алдағы сайлауда Президенттікке үміткер ретінде ұсынылады деп күтілуде. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.  

Orda.kz мәлімдеуінше, Түркіменстанның Salam News интернет-басылымы осылай хабарлады.

«Бүгін Түркіменстанның қоғамдық ұйымдарының орталығында Түркіменстан демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Оның күн тәртібіне сәйкес Түркіменстан президенттігіне Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Құрбанғұлыұлы Бердімұхамедовтің кандидатурасы ұсынылды. Конгресске қатысушылар Түркіменстан президенттігіне үміткер Сердар Бердімұхамедовтің сөзін тыңдап, қолдады» делінген таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов дамудың жаңа кезеңінде мемлекеттік басқаруға жол жастарға берілуі керек деген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер