Құлыбаев пен Боранбаев күдікті ретінде жауап алуға шақырылды

3248
Adyrna.kz Telegram

Молдава прокуратурасы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен құдасы Қайрат Боранбаевты бопсалау бойынша айыптап, жауап алу үшін шақырған. Бұл туралы Михаил Козачковтың Telegram арнасы жазды. Бұл туралы Abai.kz-ке сілтеме жасап, "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жариялаған құжатқа сәйкес, Құлыбаев пен Боранбаев Молдавада Конституциясының 189-бап, 6-бөлімі бойынша айыпталуда.

Молдова заңнамасы бойынша, 189-бап, 6-бөлімі бопсалау бойынша аса iрi мөлшерде жасалған әрекеттер – 13 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

«Қазақстан Республикасының азаматы Құлыбаев Тимур Асқарұлы № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы, 6-бойынша(бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 07.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті» - делінген құжатта.

Дәл осындай шақырту Қайрат Боранбаевтың атына да жіберілді. «Қазақстан Республикасының азаматы Боранбаев Қайрат № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 6-бойынша(бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 03.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті» - делінген құжатта.

Атап айтсақ, Қасіретті қаңтар көтерілісінен кейін, Тимур Құлыбаев мемлекеттегі бірқатар ірі лауазымдарынан кеткен болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер