ҚФФ президенттігіне кандидат Қазақстанда футболды дамыту бағдарламасын назарға ұсынды

10115
Adyrna.kz Telegram

Берік Қаниев Қазақстан футболын ФИФА рейтингінде жоғары позицияға қалай шығаруға ниетті екенін айтып берді.

Футболды дамыту, спорт инфрақұрылымына ревизия жүргізу, кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру және сыбайлас жемқорлықты жою – Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер Берік Қаниев Алматыда өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Adyrna.kz

«Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер футбол лигасы ұйымдастырушысының айтуынша, оның міндеті – спорттың осы түрін елімізде танымал ету және дамыта түсу.

«Біздің мақсатымыз – футболды көпшілікке танымал ету арқылы ФИФА рейтингінде жоғары позицияға қол жеткізу. Біз бұқаралық футболдың, балалар мен жасөспірімдер футболының, футбол орталықтарының, ұлттық құрамалар институтының, кәсіби клубтар мен лигалардың дұрыс пирамидасын құрғымыз келеді», - деді Берік Қаниев.

Құжат 11 тармақтан тұрады және Қазақстандағы қазіргі футбол мәселелерін толық қамтиды. Берік Қаниев брифингте мәлімдегеніндей, футболды дамыту – оның үйреншікті ісі және оның осы салада жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болды.

ҚФФ президенттігіне үміткердің пікірінше, бұқаралық футболды дамытудағы жаңа серпін спорттың осы түрімен белсенді айналысатын жастардың үлесін екі есе арттыруға септігін тигізеді. Бұл үшін Берік Қаниев футбол инфрақұрылымын «адымдық қолжетімділікте» өркендетуді, сонымен қатар әуесқойлар лигасын – балалар, мектептік, студенттік, ардагерлер және корпоративтік лигаларды дамытуды көздеп отыр. Ол, сондай-ақ, әйелдер футболы мен футзалды жетілдіруді ниет етуде. Сонымен қатар ҚФФ президенттігіне үміткер Берік Қаниев «Былғары доп» балалар командаларының республикалық турнирін жандандыруды жоспарлап отыр.

Берік Қаниев бағдарламасындағы басымдық – балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, бұл 5 жастан 17 жасқа дейінгі футболмен жүйелі түрде айналысатын балалардың санын кемінде екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Берік Қаниевтің БЖФ дамыту бағдарламасы аясында мынадай шаралар қарастырылған:

- аймақтық федерациялар жанындағы қосымша 17 футбол орталығын ашу;

- аудан орталықтары мен ауылдарда футбол инфрақұрылымын кеңейту;

резервті дайындау жүйесін жетілдіру;

- БЖФ бәсекелестік жүйесін жүйелеу;

таланттарды іздеу жүйесін дамыту (скаутинг);

- УЕФА-мен бірлескен ҚФФ жанындағы жоғары білікті футболшыларды дайындау академиясын құру.

- бірінші кезеңде (УЕФА санатындағы) балалар жаттықтырушыларының санын екі есе арттыру

Берік Қаниев футбол инфрақұрылымын дамытудағы сапалы серпіліс туралы айта келіп, бағдарламаның осы тармағы аясында еліміздің Солтүстік өңірлерінде толық көлемдегі алаңдары бар 5 манеждің, сондай-ақ жаңа толық көлемдегі алаңдардың құрылысы жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Берік Қаниевтің бағдарламасында жоғарғы оқу орындарында футбол жаттықтырушыларын және футбол саласының басқа да мамандарын дайындайтын кафедралар санын көбейту қарастырылған. Бұл футбол индустриясының мамандарын дайындап, лицензия беруге мүмкіндік жасайды.

Берік Қаниев кәсіби футболды қалай қайта ретке келтіруге ниетті екенін айтты. Оның аясында футбол клубтарын мемлекеттік қаржыландырудан жеке қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу, легионерлерді (ойыншылар мен мамандарды) кезең-кезеңімен қысқарту және олардың сапасын арттыру міндетін алға қоя отырып, оларды қабылдау лимитін қайта қарау жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бюджет есебiнен еңбекақы тағайындау, үстемақыны демеушiлер есебiнен төлеу механизмiн қарастыру.

Берік Қаниев өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізілген футболды дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету шараларын атап өтті. Олардың ішінде:

спорт ғимараттарын ұстауға арналған коммуналдық төлемдерді субсидиялау;

салық мәселелерін қарастыру – КТС, жер, мүлік;

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы арзан несиелер;

Аталмыш шаралар спорт заңнамасына енгізіледі.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдарда спорт алаңдарын салу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «Қазақстан халқына» қорының мүмкіндіктерін пайдалану қарасырылған.

Берік Қаниев ұсынған футболды дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жеке тармағы отандық спорттағы жемқорлықты жоюға арналған. Ол үшін футболдың қазіргі жағдайына: футболмен айналысатын балалардың, жаттықтырушылардың, футболшылардың, футбол орталықтарының, секциялардың нақты санына аудит жүргізу жоспарлануда. Инфрақұрылымға толық талдау, материалдық-техникалық базаға түгендеу жүргізіледі. Және жүргізілген аудит бойынша есеп беру жарияланады деп уәде етілген.

Сонымен қатар Берік Қаниев келісілген ойындардың алдын алу тетіктерін әзірлеп, сот корпусын ынталандыру жүйесін жетілдіруді мақсат етіп отыр. Тәжірибеге футбол меритократиясы принципі енгізіледі – яғни, спортшыларды әділ іріктеу қолға алынады. Футбол трансферлерін жүзеге асыруда делдалдық схемалар жойылады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер