АСХАТ ҚАСЕНҒАЛИ: Ресей әскері үш күнде айтарлықтай нәтижеге жетпеді

8878
Adyrna.kz Telegram

Бірден айтайын, Зеленский АҚШ-тың Украинадан кету туралы ұсынысынан бас тартып, Киев қорғанысын өз қолына алды. Өзге клоун санайтын Зе осылайша табандылық танытуда. Дегенмен ер екен.

Қазір басқыншылар Киевтен 35 шақырым жердегі Васильков қаласын басып алуға тырысуда. Сол арқылы қаланы Батыс тараптан толық бұғаттау мақсаттары бар сияқты. Васильковта Украинаның 40-бригадасы ұрыс жүргізуде. Олар қала орталығында жау әскерінің шабуылын тойтарып жатыр.

Украина әскері Киевке 30 шақырым жерде жау ұшағын құлатты. Алайда басқыншылар 150 тікұшақпен Киевке десант жеткізген. Қазіргі уақытта қала көшелерінде ұрыс болып жатыр.

Украина ПВО-сы Одесса, Харьков, Киевте жұмыс істеуде. Киевте дәп қазір сағат 05:55. Түні бойы ұрыс болды, ал бүгін Украинаны ұзақ та қиын, ауыр ұрыстар күтіп тұр деуге болады. Басқыншыларға қарсы күресте Украина әскері табандылық танытуда. Жау әскері де физикалық тұрғыдан (ұйықтамау) шаршады және моральдық тұрғыдан да сына бастады деп ойлаймын. Себебі бірінші күні Киевті басып аламыз деген жоспарлары іске аспады, шығындары көп.

Жау үш күнде бірде-бір қаланы басып ала алмады. Ресейге 40 шақырым жердегі Харьков те, 20 шақырым жердегі Сумы қаласы да әлі берілген жоқ. Басқыншылар қанша талпынса да, қолдарынан келер емес.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер