Түркі академиясына ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов арнайы келді

3516
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновты қабылдады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Нұр-Cұлтан қаласына іссапары аясында Академияның жаңа ғимаратына арнайы келген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д. Қасейінов Түркі музейі мен кітапханасын және әкімшілік кеңсесін аралап көрді. Басқосуға сондай-ақ Академияның вице-президенті Физули Маджидли мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында тараптар екі ұйымның күн тәртібіндегі маңызды жобаларды талқылап, бірлескен іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.

Академия президенті Д. Қыдырәлі Д.Қасейновтің ТҮРКСОЙ ұйымын басқарған кезінде жемісті қызмет етіп, түркі әлеміндегі мәдени байланыстарды тереңдету мен дамыту мақсатында маңызды жобаларды жүзеге асырғанын айтты.

Өз кезегінде Бас хатшы Д. Қасейінов Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратымен құттықтап, ұйымның түркі әлемінің ғылыми интеграциясы бағытындағы жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар, Академияның алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ТҮРКСОЙ басып шығарған кітаптарды сыйға тартты.

Кездесу аясында А. Байтұрсынұлы мен М.Әуезовтің мерейтойларын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында ортақ жобаларды жүзеге асыру және басқа да салаларда бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар Академия басшысы Д. Қыдырәлі Бас хатшы Д. Қасейіновті Низами Гәнжауи мен Әлішер Науаи мерейтойы жылдары аясындағы жемісті еңбегі, сондай-ақ Түркі дүниесінің мәдени-әдеби байланыстарын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Халықаралық Түркі академиясының «Әлішер Науаи» Алтын медалімен марапаттады.

Кездесу соңында Д. Қыдырәлі мәртебелі мейманға ризашылығын білдіріп, Академияның бағалы басылымдарын тарту етті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер