Оңтүстік Корея АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларынан компанияларын алып тастады

2949
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Корея АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларынан босатылды. Оның орнына дәл осындай деңгейдегі экспорттық бақылау шараларын енгізеді, деп хабарлады Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі.

Оңтүстік Корея өндірушілерін шетелдік тікелей өнім ережесінен (FDPR) алып тастауға тырысып келеді. Оған сәйкес олардың компаниялары америкалық технологияны пайдалана отырып,  шетелде тауар өндіреді. Сондай-ақ, Ресейге жөнелтпес бұрын АҚШ-тан лицензия алу керек. Ереже жартылай өткізгіштер, компьютерлер, лазерлер, байланыс және осындай жеті санаттағы 57 элементті қамтиды.

Оңтүстік Кореяның Сауда министрі Йо Хан Гу 3 ақпан күні Вашингтонда АҚШ Сауда министрінің орынбасары Дон Грейвс және Байден әкімшілігінің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен бірқатар кеңес өткізді. АҚШ Оңтүстік Кореяның Ресей Федерациясына қарсы санкцияларын жоғары бағалады. Сондай-ақ, халықаралық қоғамдастықтың әрекеттеріне сәйкес келетінліктен Оңтүстік Корея FDPR-дан ерекшелік алуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Америкалық тарап бірнеше күн ішінде Оңтүстік Кореяны FDPR ережесінен шығарылған елдер тізіміне қосады. Оңтүстік Корея үкіметі АҚШ пен халықаралық қауымдастыққа сәйкес келетін деңгейде экспорттық бақылаудың Ресейге қарсы қосымша шараларын жүзеге асырады», - делінген министрлік хабарламасында.

Агенттіктің пікірінше, бұл оңтүстік кореялық компаниялар үшін «белгісіздікті» азайтады. Олар санкцияларға ұшыраған тауарлар үшін экспортқа рұқсат алуы керек.  Бірақ оны АҚШ-тың араласуынсыз Оңтүстік Корея үкіметінен алады.

Сондай-ақ, АҚШ Сауда министрлігі Оңтүстік Корея тарапына Оңтүстік Кореяда жасалған смартфондар, құрастырылған көліктер, кір жуғыш машиналар және басқа да «тұтыну тауарлары» FDPR-ға сәйкес келетінін растады. Алайда олар Ресей Федерациясының әскери қажеттіліктері үшін жеткізілмейді.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер