Ресейдің Украинамен шекаралас облысында жойқын жарылыс болды

1979
Adyrna.kz Telegram

Украинаға жақын орналасқан Теткино ауылында жарылыс жөндеуге келген әскери көліктегі қысқа тұйықталу салдарынан болды, деп хабарлады Курск облысының губернаторы Роман Старовойт. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

Губернатордың орынбасары Алексей Смирнов зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, төтенше жағдайға әскери техниканы жөндеу кезінде болған қысқа тұйықталу себеп болған, бензин тасымалдаушы жанған.

«Курск облысында қақтығыстар жоқ», - деді Роман Старовойт. – Шекара қызметі мен әуе қорғанысы тұрақты режимде жұмыс істеуде. Дүрбелеңге негіз жоқ.

Жарылыстан жақын орналасқан үйлер мен әлеуметтік нысандардағы әйнек сынықтары ұшып кетті. Адамдар қорқып кетті. Мектеп және аурухана ғимараттары, жылу құбыры зардап шекті.

300 жергілікті тұрғын Курск облысының Глушково аудан орталығына эвакуацияланды. Губернатор адамдарға көмек көрсетілетініне уәде берді.

Төтенше жағдай орнында саперлер жұмыс істеуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер