Резников Путиннің толық сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді

5545
Adyrna.kz Telegram

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Украинаның ресейлік лаңкестерге 9 күн 4 сағат 2 минут бойы тойтарыс беріп жатқанын айтты. "Хвиля" хабарлағандай, ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сонымен, Резниковтың айтуынша, бүкіл халықтың арқасында Кремльдің екі күнде украиндарды жаулап алу, ірі қалаларды басып алу, мемлекет басшылығын ығыстыру және Украинаны Ресейге қосу жоспарлары сәтсіз аяқталды.

"Иә, жау кейбір аудандарда алға озды, бірақ аз ғана аумақты бақылауда. Ал біздің қорғаушылар күшті тойтарыс беріп, басқыншыларды ығыстырып шығаруда", - деді ол.

Сонымен бірге, Резников шабуылдың бәсеңдеуі мен украиндықтардың қарсылығын ескере отырып, Ресей тактикасын өзгертіп жатқанын атап өтті.

"Агрессор өзінің әуе және зымырандық әлеуетін жан-жақты және белсенді түрде пайдалануда. Ұшақтардың барлық түрлері қалаларды, елді мекендерді және азаматтық инфрақұрылымды, соның ішінде атом және су электр станциялары сияқты маңызды және қауіпті нысандарды бомбалауды жүзеге асыруда", - деді қорғаныс министрі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер