Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды

2686
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының даулы учаскелерінің бірінде екі мемлекеттің шекарашылары арасында атыс болды. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2022 жылдың 10 наурызында мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде қару қолдану оқиғасы орын алды», - делінген хабарламада.

Атыс шамамен жиырма минутқа созылған. Қырғыз тарапынан қақтығыс салдарынан жараланғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, тәжік тарапынан жараланғандар бар.

Қазір екі елдің өкілдері келіссөздер жүргізіп жатыр.

Естеріңізге салайық, қырғыз-тәжік шекарасында осыған дейін бірнеше қарулы қақтығыс болды. Екі елдің шекарасының ұзындығы 980 шақырым. Оның 500 шақырымнан астамы айқындалып, қалған бөлігі даулы күйінде қалып отыр. Тескей ауданы мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесі болып саналады, бірақ ол аумақты іс жүзінде Қырғызстан азаматтары пайдаланады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер