Жанболат Мамай екі айға қамауға алынды

1635
Adyrna.kz Telegram

Алматы полициясы белсенді Жанболат Мамайдың екі айға қамауға алынғанын хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы Жанболат Мамайға қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігі және 274-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеушінің сұрауы бойынша сот белсендіні екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялаған. Сонымен қатар, ведомство сотқа дейінгі тергеу объективтілік, толықтық және жан-жақтылық қағидаттарына сай жүргізілетінін атап өтті.

“Тергеушінің өтініші бойынша сот азамат Жанболат Мамайды екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялады", - деп түсіндірді полицейлер.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер