Қытай ешқашан Украинаға шабуыл жасамайды, украиндар таңдаған жолды құрметтейміз - ҚХР өкілі

6310
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық дереккөздерден алынды
Фото ашық дереккөздерден алынды

Қытай мемлекеті украиндармен мәңгілік достық қарым-қатынаста болады. Аспан асты елінің билігі Украинаны экономикалық жағынан да, саяси жағынан да қолдайды. Мұндай мәлімдемені ҚХР-ның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Фан Сяньжун Львов облыстық әскери әкімшілігінде өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қытай-украин халқы үшін достас ел. Біз әрқашан да сіздердің мемлекеттеріңізді құрметтеп, қарым-қатынасымызды теңдік пен өзара тиімділік негізінде дамытатын боламыз. Біз украиндар таңдаған жолды құрметтейміз, өйткені бұл әр халықтың егемендік құқығы", – деді ол.

Елші: "Қытай ешқашан Украинаға шабуыл жасамайды"деп сендірді.

Оның айтуынша, ҚХР Украинаны экономикалық бағытта дамытуға көмектесуге дайын.

"Біздің еліміз бір жылда дүние жүзінің түкпір-түкпірінен 3 триллион доллардан асатын тауар импорттайды. Біз сіздерді дамытуға көмектесуге дайынбыз. Қазіргі  қалыптасқан жағдайда жауапкершілікпен әрекет ететін боламыз", - деп сендірді дипломат.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер