Тегін құқықтық көмек - қолжетімді

3121
Adyrna.kz Telegram

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбестік ахуалының қалыптасуының, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің жоғарылауының мүмкіндігін арттыратын факторлардың бірі - халықтың құқықтық сауаттылығының артуы.

“Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігі қызметінің басым бағыттарының бірі - азаматтардың құқығын қорғау және қолжетімді құқықтық көмекпен қамтамасыз ету. Бірлестік Республикалық заң консультанттары Палатасымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою арқылы осы қызметті белсенді жүзеге асырып келеді.

Бірлестіктің барлық өңірдегі филиалдары апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізе отырып, халықты толғандырған талай әлеуметтік мәселелерінің оңтайлы шешімін табуға көмек көрсетуде. Және ең бастысы барлық қызмет, кеңестер тегін жүзеге асырылатынын ескеру қажет.

“Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалы Шымкент қалалық Заң консультанттары Палатасымен бірлесе отырып қала халқына тегін заң кеңестерін беру мәселесімен тұрақты түрде айналысып келеді. Сонымен қатар, егер әлеуметтік осал топқа жататын азамат болса (көп балалы аналар, жалғызбасты ата-аналар, мүгедектер және т.б.) тегін кешенді заңгер көмегін алуға мүмкіндігі бар.

Осы ретте шалғай ауылдағы ағайынның да жағдайы назардан тыс қалмады. Тікелей заңгер көмегі қолжетімсіз аймақтарда  және жалпы кез-келген азаматтың қалауы бойынша онлайн түрде тегін заңгерлік кеңес алуына мүмкіндік жасалды. Ол үшін ұялы телефонға “Lawcenter қосымшасын жүктеп алу жеткілікті. Кез-келген смартфонға жүктеу мүмкіндігі қарастырылған бұл қосымша арқылы өзекті сұрақтары бойынша кез-келген адам республиканың білікті заңгерлерінен тегін құқықтық кеңес ала алады.

Қазіргі таңда жүздеген адам үйден шықпай-ақ, “қалтадағы заңгер” аталып кеткен “Lawcenter қосымшасы арқылы сапалы заңгерлік кеңеске қол жеткізіп отыр. "Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын" ескерсек, бұл жағымды жаңалықтың жұртымыз үшін маңызы зор.

       Айжан Кесебаева                             Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы

Пікірлер