Эфиопияда Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды

3471
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов эфиопиялық басылымдардың журналистері үшін брифинг өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы елшілігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Іс-шараға Эфиопиялық телерадиокорпорациясының, Оромиялық телерадиокорпорациясының өкілдері, және Эфиопияның «Capital» газетінің бас редакторы қатысты.

Елші Эфиопия қоғамын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті. Жолдауда Президент әрбір Қазақстан азаматының әл-ауқатын жақсарту, құқықтары мен бостандықтарын нығайту мақсатында елдегі экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды одан әрі жалғастыру қажеттілігіне баса назар аударғанын атап өтілді.

“Брифинг барысында Қазақстанның қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту, ядролық қарусыздану мен таратпау, терроризммен күресу, бітімгершілік, дінаралық келісім саласындағы халықаралық бастамалары егжей-тегжейлі талқыланды. Қазақстан Елшісі ү.ж. 6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының отырысы және 2022 жылы VII Съезінің өткізілуі жоспарланғаны туралы айтып берді. Ағымдағы жылдың 12 қазанында Нұр-Сұлтанда өткен АӨСШК Министрлер кездесуінде айтылған Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығының басымдықтары журналистерге түсіндірілді”, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, эфиопиялық журналистер дағдарыстарды еңсерудегі, сыртқы серіктестермен достық қарым-қатынасты дамытудағы қазақстандық тәжірибеге, Қазақстан мен Эфиопия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективаларына жоғары баға берді.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер