Ресей әскері бейбіт тұрғындары атып тастады – Ирпень мэрі Маркушин

5101
Adyrna.kz Telegram
Фото: pikabu.ru
Фото: pikabu.ru

Ресей әскерлері Киев облысының Ирпень қаласының тұрғындарды аяусыз қырды және танкілермен қаза тапқан украиндықтардың денесінің үстінен езіп өткен. Бұл туралы брифинг барысында Ирпень қаласының мэрі Александр Маркушин айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Маркушиннің айтуынша, аман қалған қала тұрғындары жау қылмысының куәсі болған.

“Жергілікті тұрғындар өте жағымсыз нәрселерді айтты. Оларды ажыратқысы келді: ерлерді бөлек, әйелдерді бөлек. Бірақ адамдар жасырынып жүрді. (Ресейлік – Ред.) әскерилер адамдардан телефондарын алып, толығымен тінтіп жүрді. Себеі олар украиндық әскерилерге олардың ресейлік техникасы қайда екенін ескертпеу үшін жасады. Ресейліктер ұнатпаған адамдарды атып тастады. Бұл қазірдің өзінде – бұл қылмыс. Бүгін біздің топ қаза тапқан тұрғындардың денесін шығарумен айналысты. Мен айтамын, біреуге ұнамауы мүмкін, олар өлгендердің денесін танкілермен езіп кетті”, – деді Маркушин.

Ирпень мэрі «қала 100 пайыз біздің әскердің бақылауында» деп сендірді. Сондай-ақ,  ол тұрғындарды әлі қалаға оралмауға шақырды, өйткені басқыншылар елді мекенді үздіксіз атқылап жатыр.

“Бүгінгі күні Ирпеньде әлі де қауіпті – бізді Буча, Ворцель аудандарынан үнемі атқылауда. Қала үнемі «Град», минометтерден, ауыр артиллериядан, танктерден және атқыштардан атқылаудан зардап шегуде. Бірақ периметрді толығымен біздің әскерлер бақылап отыр. Ал Ирпеньде ресейлік басқыншылары жоқ”, – деп түйіндеді.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер