Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құрмақ

2117
Adyrna.kz Telegram
Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру жоспарланып отыр. ҰҚК төрағасының тиісті жарлық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
Атап айтқанда, мына құрылымдар қайта құрылады:
Ақпаратты техникалық қорғау орталығы мен Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы Ақпаратты техникалық қорғау мен мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығымен біріктіріледі;

Маңғыстау облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;

Алматы облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;

Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;

ҰҚК Авиациялық басқару мекемесі ҰҚК Авиация қызметіне қосылады.

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында мына құрылымдар қалады: Авиациялық қызмет, Шекара қызметі, Сыртқы барлау қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және "А" арнаулы мақсаттағы қызметі.
”Адырна” ұлттық порталы 
Пікірлер