Қазақтардың кәсіби деңгейі төмен - Ресейлік ресторатор

2335
Adyrna.kz Telegram

Алматыда бірнеше жобаны қолға алған ресейлік ресторатор Александр Орлов отандық мамандар туралы мәлімдемесі және мекемелерінің біріндегі сәтсіз пранкімен қазақстандықтардың ашуын келтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күні кеше жаңа мекеменің ашылуында Орлов келушілермен сәтсіз әзілдесті. Адамдарды дәм татуға шақырып, артынша олар мысық етін жегенін мәлімдеген. Олардың ызалануына ресторатор «Не болды? Жылқы етін жейсіздер ғой» деп жауап берген. Бірақ мұның барлығы пранк болып шықты. Клиенттердің бірі тіпті ашуға бой алдырып, оқиға орнына полиция шақырған.

Қоғамдағы тағы бір наразылық толқыны Орловтың әлеуметтік желіде қазақстандықтардың кәсіби деңгейін төмен бағалаған жазбасы тудырды.

«Орталық Азияда білікті кадрларды табу шынымен қиын, олар тапшы. Сондықтан осы аймақтан бастағандарға кеңес: басқа елдерден кадрлар әкеліңіз, әсіресе басында. Мен бастаған кезде бұл оңай болған жоқ. Бүгінде Қазақстанға адам әкелу әлдеқайда оңай» деп кеңес берді ол.

Рас, әлеуметтік желідегі қазақстандықтардың наразылығынан кейін ресторатор қазақ тілінде қымыз, бесбармақ, қазы жақсы көретінін, «жан дүниесінде өзі қазақпын» деген жазба жазып, ақталуға асықты. Алайда оның жазылушылары мұндай кешірім сұрауына қанағаттанбады.

Қазақ мәдениетіне түкіргенім бар - ресейлік ресторатор

Бұл жазбаға заңгер, блогер Ержан Есімханов та жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстанда жергілікті рестораторлар жергілікті қызметкерлермен бірге жасаған мейрамханалық жобалардың саны өте көп.

«Біз шетелден келген тамаша адамдармыз, енді сізге, жергілікті тұрғындарға жұмыс істеуді үйретеміз» деген ұстанымы осыдан 20 жыл бұрын ескірген. Енді Орловтың барлық жобалары бір түнде жабылып қалса, Қазақстанның мейрамхана нарығында сапалы құлдырау болмайтыны сөзсіз. Орлов мекемелеріне Қазақстанға ешқандай серпіліс ұсынылмады – бұл басқа мейрамханалар сияқты. Демек, Орловтың жергілікті жердегі жақсы кадрларды таба алмауы – оның кадрмен жұмыс істеуді білмеуінің немесе жай ғана біржақты ұстанымының нәтижесі» дейді Есімханов.

Оның айтуынша, Қазақстанда 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Орлов біздің менталитетіміздің негізгі белгілерін білмейді. Расында да, қазақстандықтар үшін жергілікті кадрлардан гөрі шетелдік кадрлардың басымдығы қынжылтады.

«Ол кеңестік кезеңнен бастау алады, кен орындарын белсенді игеру дәуірінде жалғасуда және түрік, қытай компанияларының қызметімен байланысты. Соңғы жылдары ғана жағдай жақсара бастады. Егер Орлов тым болмаса, өзі жұмыс істейтін жердің тарихына қызыққан болса, ол Қазақстанға шетелдік кадрларды әкелу керек деп жар салмайтын еді» деп түйіндеді ол.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер