Әкімдік қызметкері кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілінді (ФОТО)

2636
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысы Лисаковск қалалық ішкі саясат басқармасының кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілінген басшысы туралы БАҚ беттерінде түрлі ақпарат жарияланғаннан кейін онымен хат алмасқан скриншоттарын жіберген қыздар саны артты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Казправдаға сілтеме жасап. 

«NeMolchi.kz» қоғамдық қоры өз аккаунтында күдіктімен сонау 2015 жылы Арқалық қаласының әкімдігінде жұмыс істеген кезінен бастап танысқан қыздардың скриншоттарын жариялады.

Еске салайық, Қостанай облысы Лисаковск қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілінді.

Дәлелдерге сүйенсек, ер адам әлеуметтік желіде қыздармен танысып, оларға “ғашық” болып, жақын қарым-қатынас құрып, өзіне кезекті жаңа құрбан іздеген. Парақшасында ол өзінің нақты жасын жасырып, отбасылық жағдайы туралы жасырын ұстаған. Негізі ол үйленген әрі балалары бар.

NeMolchi.kz қорының жетекшісі Дина Смаилова Қазақстан президентіне бұл істі өз бақылауына алуын өтінді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер