Алматыда бірнеше көшенің атауы өзгереді

2056
Adyrna.kz Telegram

Алматыда бірнеше көшенің атауы өзгереді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Алатау ауданы Нұркент шағын ауданы бойынша:

  • №1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес есімі беріледі.

Бостандық ауданы Ерменсай шағынауданындағы атаулар өзгереді:

  • № 2 жобалық атауы бар көше - Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
  • № 4 жобалық атауы бар көше - Қаршыға Ахмедияров көшесі;
  • № 5 жобалық атауы бар көше - Шолпан Жандарбекова көшесі.

Бостандық ауданының Нұр Алатау шағынауданы бойынша:

  • № 12 жобалық атауы бар көшеге Ғазиз Жұбанов есімі беріледі;
  • № 13 жобалық атауы бар көше - Кәкімбек Салықов.

Бостандық ауданы Нұрлытау шағынауданы бойынша:

  • № 6 жобалық атауы бар көшені Роза Жаманованың құрметіне атайды.

Медеу ауданы бойынша:

  • № 2  жобалық атауы бар көше - Тимофей Седельников көшесі;
  • № 7 жобалық атауы бар көше - Мәшһүр Жүсіп көшесі.

Медеу ауданының Алатау шағынауданы бойынша:

  • № 14 жобалық атауы бар көше Лев Гумилевтің құрметіне аталады.

Алматы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімі ресми жарияланғанына он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер