Қызылордада педофил қолынан екінші сынып оқушысы зорланды

7179
Adyrna.kz Telegram

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында Қызылорда облысында педофил екінші сынып оқушысын зорлағанын жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Анығырақ айтқанда, оқиға Жаңақорғанда орын алған.

"#НеМолчиKZ қорына аноним үндеу келіп түсті, осы жағдайды растау немесе жоққа шығаруыңызды өтінемін. Егер бұл қылмыс жасалған болса, қандай шара қолданылды, кәмелетке толмаған жәбірленушіге қандай көмек көрсетілді? Осындай қылмыстардың алдын алу үшін халықпен қандай жұмыстар жүргізілді?" - деп жазды пост авторы.

Кейін ол аноним үндеу мәтінін жариялады.

"Бір апта бұрын 2-сынып оқушысы зорланды... Жүрек ұстамасы бар қыздың анасы жатып қалды, ауырып қалған, әкесі шок алған. Зорлаушы қызды мектепке апарып тастаймын деп алдап, көлікке отырғызып алып кетіп, зорлаған. Қорлап, кейін сол жерге әкеп тастап, кетіп қалған", - делінген хатта.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін атап өтті.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды", - деді полицейлер.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге ​​жатпайды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер