Еуропаны бағындырған заманауи батырлар

11238
Adyrna.kz Telegram

Этнопроект «Орда»: біз тек алып батырларды ғана емес қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттаймыз.

Лондон, Рим, Москва шаһарларында кәрі құрлық тұрғындарын тамсандырған этно-проект «Орда» ивент агенттіктердің ішінде қалай монополияға айналды?

Тарих – біздің басты көзіріміз

Этнопроект «Орда» – ұлттық киім және дәстүр-салт театры. Әлемді шарлап алыптығымен таң қалдырып, сұлу қыздарымен тамсандырып жүрген «Орда» этножобасы тарих пен мифология біздің басты көзіріміз. Біздің әр костюм қазақтың тарихынан сыр шертеді дейді.

Самұрық туралы аңыздың негізінде жасалған «Самұрық» костюмі соған нақты мысал. Аңыз бойынша самұрық киелі құс.

Оның қанаты бәріне бірдей көріне бермейді. Ал оны көрген адам аяқ астынан бақытқа кенеледі. Оны тек самұрықтың көңілі түскен адам ғана көре алады.

Біздің костюмдегі Самұрықтың қанаты жартылай жылтыр болуының себебі де осында.

«Сондықтан біздің сұлулар сізге күлімдеп қараса, басыңызға бақ қонды дей беріңіз», - деп әзілдеп қойды этнопрект жетекшісі Кабжан Сулейменов.

Сондай-ақ сонау саураматтардан бастап атқа қонған Томирис, Зарина сынды батыр қыздарды «Мерген сұлу» коллекциясы еріксіз еске алдырады.

Костюмдегі садақ асынған қыздардың бойы ұжымдағы бойы екі метрден асатын ерлерден қалыспайды. Бұл костюмге тек бойы 180 см қыздар іріктеліп таңдалынып алынған.

Алыптарды киіндіру оңай емес

Ерлер коллекциясына келер болсақ, мұндағы костюмдерге өте көп материал кеткенін атап өткен жөн.

Алып адамдарды киіндіру оңай еместігі тағы бар...

Батырлардың костюмі де тарих пен мифологиядан шабыт алып жасалынған. Мәселен «Ордада» екі «қасқыр» бар. Бұл костюмге идея қазақтың кезінде көк бөрі асырап өсірген бала туралы аңызынан туған.

Этножобада сондай-ақ «Батыр», «Сарбаз» ерлер коллекциясы көпшіліктің назарын аударады.

Батырлардың табыс көзі

«Орда» республикалық, әлемдік деңгейдегі кештердің арнайы шақырылатын қонығы. Наурыз мейрамы, «Халық барысы», «Әлем барысы», «Ұлы дала ойындары» фестивалі, CFC турнирі және т.б. әртүрлі жобалар «Ордасыз» өтпейді.

Біздің «Орданы» тек шетелге ғана емес Қазақстанның әр түрлі қалаларына да көп шақырады.

Этнопроект осыған дейін Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Ақтау т.б. сияқты қалаларда болып қайтты. Нұр-Сұлтан мен Шымкенттің жиі қонағы боп тұрады.

Қазақтың той-томалағына да шақырту аз емес. Алыптар мәселен «Сүндет тойда» балаңызды тақпен көтеріп алып шығып сүндеттелген баланың мәртебесін бір көтеріп қояды.

Қыздар той жоралғыларын жасауға көмектеседі, тойдың сәнін келтіреді.

Той қонақтары ұлттық нақыштағы ерекше бейнені көргенде фотоға түсіп, жеке архивтеріне естелік қалдырып жатады. Қонақтарды потриоттық сезім кернегеніне көп куә боламыз, «Қазақтың қыз-жігіттері осындай болған» деп тамсанып жатады халық - дейді ұжым мүшелері.

Дидар Сұлтанбекқызы

 

Пікірлер