Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар жойылу алдында тұр

3081
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар жойылу алдында тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Хабар 24"-тің хабарлауынша, табиғат жанашырлары осылай деп дабыл қақты. Себебі қызғалдаққа қызығып, тамырымен жұлатындар көп.

Сирек кездесетін гүлді таптайтындарға тоқтам болмаса, таяу жылда Грейг қызғалдағын тек теледидардан көріп, кітаптан оқимыз дейді мамандар. 

Шұбайқызыл – қарт Қаратудың етегіндегі ерекше жер. Қызыл кітапқа Грейг, Кайфман қызғалдағы деген атпен енген жауһазындар әр көктем сайын тек осы жерде ғана гүл ашады.

Экологтардың айтуынша, жылдың осы мезгілінде дәл осындай қызғалдақтарды еліміздің басқа ешбір өңірінен кездестіре алмайсыз. Тек Түлкібас ауданындағы Шұбайқызыл шоқысында өседі. Адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгермесе, кейінгі ұрпақ табиғаттың мұндай сыйын көрмеуі мүмкін дейді. Себебі осыдан 10 жыл бұрын қызғалдақ өсетін аумақ 20 гектардан асатын болса, жылдан жылға кеміп келе жатқанын айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер