Жазушы Назарбаевты жауапқа тартып, қызы Әлияны сотқа бермек (ФОТО)

9290
Adyrna.kz Telegram

«Томирис» кітабының авторы Ержан Орымбетов Orda.kz редакциясына жүгінді. Ол авторлық құқықты бұзғаны үшін Әлия Назарбаеваны сотқа беруді жоспарлап отырғанын, оның әкесі Нұрсұлтан Назарбаевтан қоса жауап алу керегін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жазушы 2019 жылғы «Томирис» фильмінің сценарийі, негізінен оның 2013 жылғы «Томирис» кітабынан көшірілгеніне сенімді.

Сценарийді Тимур Жақсылықов (сценарист және актер) мен Әлия Назарбаева жазған. Тапсырыс беруші – Мәдениет және спорт министрлігі. Жазушының оларға бағытталған негізгі талабы бар. Орымбетов режиссерлер оның кітабынан сюжетті, ондаған көріністер мен диалогтарды, кейіпкерлердің мінез-құлық ерекшеліктерін, мистицизм элементтерін, тіпті идеяның өзін көшіріп алғанын айтады.

«Томирис фильміне қатысты жасалған авторлық құқық шағымдарыма байланысты маған қысым көрсетіліп, түрлі қоқан-лоққылар жасалды. Мен ол кезде бірден сотқа жүгінген жоқпын, өйткені мүмкіндігім болмады, қатты ауырған едім», - деп түсіндіреді Орымбетов.

Фильмді түсіруге шамамен 3 миллиард теңге жұмсалды, деді фильмнің алдын ала көрсетілімінде. Мұны «Қазақфильм» АҚ-ның бұрынғы президенті Арман Әсенов айтты. Ал жалпы “Томирис” фильмінде Әлия Назарбаева бас продюсер ғана емес, Тимур Жақсылықовпен бірге сценарийдің тең авторы ретінде көрсетілген. Экс-Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловтың айтуынша, тарихи драма бір айда кассадан небәрі 480 миллион теңге жинаған.

«Негізі, «Томирис» фильмінің сценарийін әзірлеуге келісімшарт Әлия Назарбаевамен жасалған. Сонымен қатар, режиссер Сатаевпен кездесуінде Елбасының өзі «Томирис» фильмінің сценарийіне қатысты ұсыныстарын білдірді. Сондықтан мен оны талап арызға жауапты ретінде тартқым келеді. Бұл қадам Қазақстан Республикасы Конституциясындағы оның мәртебесі туралы жаңа өзгерістерге қаншалықты сәйкес келетінін анықтау қажет», - деді Орымбетов.

Ержан Орымбетовтың айтуынша, тек әділдікке жетіп, бар шындықты Қазақстан халқына жеткізгісі келеді. Жазушының тағылған айыптарына түсініктеме беруді сұрап, Елбасыға сауал жолдаған едік.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер