Эльдар  Жұмағазиев: "Ең сорақы іс — үмітті алдау"

3163
Adyrna.kz Telegram
Фото: Фб парақшасынан алынды
Фото: Фб парақшасынан алынды

Кеше ғана "Аманат" партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен партияның хатшысы болып тағайындалған Эльдар  Жұмағазиев халықтың табысын арттыруға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол өзінің фейсбук парақшасында былай деп жазды:

"Соңғы екі жыл бойы халықтың табысын көтеруге жұмыстанып келдік. Табыс көзін көбейту туралы методика жасақтап, авторлық құқықты да алдық. Бірақ, 15 ауылдық округ халқының табысын көтеруге шамамыз жетер, ал еліміз бойынша 7,7 млн. адам тұратын 2400 округ бар. Осы ой маза бермей, әкімшілік ресурсы мол «Аманат» партиясымен бірігуге шешім қабылдадық. Ең басты мақсатымыз, бізге қолдау білдірген 300 мың мүшеміздің үмітін ақтау. Осыған байланысты хейтте аз емес, реніш көп адамдарда. Олда дұрыс болар. Бәріміз етпен сүйектен жаратылдық, сондықтан бұл реніш бізге қатты батады. Ең сорақы іс - үмітті алдау. Ал біз керісінше, «екі сөзді» болмайық деп осы қадамға бардық. Бұл — прагматикалық қадам. «Адалдың» өкілеті төмен, қолы қысқа, оны мойындауымыз керек. Сондықтан, «Аманат» арқылы халықтың табысын, еңсесін көтеру үшін «Адалдың» саяси кеңесі «Аманат» партиясымен бірігуге шешім қабылдады".
Сөзінің соңында партия хатшысы «Аманат» партиясының нағыз жалпыхалықтық ұйым болуына ат салысатынын жеткізді.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер