Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

3644
Adyrna.kz Telegram

7 мамырда Қызылорда қаласының шеткі аймағында атыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Салдарынан үш адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді.

Облыстық жедел жәрдем станциясы оқиға орнында үш медициналық бригаданың жұмыс істегенін мәлімдеді.

«Жедел жәрдем келгенге дейін үш  адам қайтыс болды. 47 жастағы ер адам мен 23 жастағы жігіт аяғынан жарақат алды. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді»,– деді ведомство.

Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер