Елнұр Бейсембаев сайлауда «Аманат» партиясының да дауысы ұрланғанын айтты

3418
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты, жастарды қолдау кеңесінің басшысы Елнүр Бейсембаев сайлауда «Аманат» партиясының да дауысы ұрланғанына куәгер болғанын жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Біздің де даусымыз ұрланғанына куәгер болғанбыз.Мына жерде сайлау әділ өтіп жатқан жоқ дедік. Өткен сайлауда мен жұмыс істедім, жас бақылаушылардың тобын құрдық. Солардың өзінен 300-ден астам әртүрлі заңбұзушылықтарды тіркедік. БҰЛ САЙЛАУДАҒЫ ҚАТЕЛІКТЕРГЕ КЕЛЕСІ САЙЛАУДА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫЗ ДЕГЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ», — Дейді депутат.

Пікірлер