Нью-Йорк соты Ілияс Храпуновқа санкция салды

1800
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Нью-Йорк соты Ілияс Храпуновқа санкция салды. Енді ол 30 күн ішінде 221 285,31 АҚШ долларын төлеуі керек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот қаулысымен Храпуновқа сот бұйрығын бірнеше рет бұзғаны, дәлелдемелерді жойғаны және жалған айғақтар бергені үшін жаза тағайындалды. Бұл — Храпуновқа қарсы салынған екінші санкция. Алғаш рет құпия куәліктерін интернет арқылы таратып жібергені үшін ақшалай жазаланды.

Храпуновпен бірге айыпталушы Мұхтар Әблязовқа осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін сот бұған дейін 140 115,60 АҚШ доллары көлемінде санкция берген.

 

 

 "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер