Сәбит Шонтақбаевтың досы Сағиға құрылыс компаниясы екі бөлмелі пәтер сыйламақ

2368
Adyrna.kz Telegram

Кеше елордада 8-қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың досы Сағиға "GBG.kz" құрылыс компаниясы екі бөлмелі пәтер сыйламақ деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы өз парақшасында Дәулет Мұқаев жазды.

"Сүйінші, ағайын! Керемет сезімде тұрмын. Мен айтып жүрген "GBG.kz" құрылыс компаниясы Сәбиттің досы Сағиға 2 бөлмелі пәтер сыйлайтын болды. Бағанадан бері уайымым Сағи болып еді...

Бұл тұрғын үй кешені енді салынып жатыр, комфорт +, есесіне мемлекет кепілдігі (ФГЖС, КТК) бар. Бұл пәтердің бағасы кемінде 25 миллион теңге. Енді әділдік орнады!,— деп жазды блогер.

Айта кету керек, қазір бүлдіршінді құтқарып қалған екі жігіттің ерлігіне қазақстандықтар тәнті болып жатыр. 

Пікірлер