Ұлыбритания Путиннің бұрынғы әйелі мен Кабаеваға санкция салды

2292
Adyrna.kz Telegram
Фото. ichef.bbci.co.uk
Фото. ichef.bbci.co.uk

Ұлыбритания Ресей президенті Владимир Путинге қарсы санкциялардың соңғы раундын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Tengrinews.kz-"ке ілтеме жасап. 

 

Бұл туралы үкімет сайтында Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс мәлімдеді.

Шектеулер Ресей президентінің бұрынғы әйелі Людмила Очеретнаяға, екі немере ағасы - Игорь мен Роман Путиндерге және басқа да туыстары мен "президенттің достарына" әсер ететіні атап өтілді. Алина Кабаева мен оның әжесі Анна Зацепилина да санкцияға іліккен.

Жаңа санкцияларға активтерді бұғаттау, Ұлыбританияға кіруге немесе тұруға тыйым салу және көлікке қатысты шектеулер кіреді.

Айта кетейік, Ұлыбритания бұған дейін 1000-нан астам жеке және 100 заңды тұлғаға қарсы санкция салған. Ресей президенті Владимир Путиннің екі қызы мен сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың қызына да санкция салынған болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер