Халықты түгел тізе бүктіріп, имандылыққа бет бұрғызғысы келеді ме?

4586
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
“Ұлы дала таңы” деген фильмді тамашалап келдік. Алла деген сөзден құлақ тұнды. Намазға да қайта-қайта жарнама жасады. Ақан Сатаев жүрген жерде діннің үстемдік ететіні "Қазақфильмге" басшы болып келгеннен-ақ біліп жүрдік.
Ақордадағы идеологтармен келісіп түсіргендіктен олар халықты түгел тізе бүктіріп имандылыққа бет бұрғызғысы келеді ме деген ой келді. Шәһид, Ғазауат деген кірме сөздер өріп жүр. Ерік Жолжақсынов қана Алла дей беруге аузы бармаған сияқты болып көрінді.
Фильмде қазақтарға "Ғазауат" жариялайды. Мағынасы - арабтардың дін жолындағы қасиетті жорығы..
Кейіпкерлерді барынша өр тұлғалы, ірі, етіп көрсеткісі келген. Оны обьективтің түсіру биіктігінен көруге болады. Жерге жақын алып түсірген, ал адамға келгенде көкірек тұсынан жоғарыламайды.
Өресі төмен адам діндар болса, тіпті қиын екен. Текст әлсіз, тым қарабайыр. "Көшпенділер" фильмінің жалғасы сияқты түсірілген. Бірақ ондағы вижуал қателерді қайталамаған.
Масштаб бар. Крупный планмен табиғаттың әсемдігін майдан даласын, шайқасу сәттерін жақсы көрсеткен. Екі кадрды айнытпай Ридли Скоттың "Царство небесное" филімінен алыпты. Көрген адам бірден таниды.
Құдай, тәңір, әруақ деген бір түйір сөз айтылмады. Соңына дейін күттім. Тіпті соңында шығатын жазудан да алып тастаған. "Бабаларға бағышталады" деп қатырады.
Месседж түсінікті. Ел болайық, бірігейік дегенге саяды. Бірақ дінді неге бұлай қарабайыр жолмен тықпалағаны түсініксіз.
Менің ойымша, ислам еркіндікті сүйетін, құлдықты мойындамайтын, әділетсіз ханға бағынбайтын көшпенді халықтың философиясына келмейді. Ислам діні - ханға қарсы шықпайтын, отырықшы халықтарға майдай жағады. Ал көшпенділер хан ұнамаса көшіп кете салатын болған.
Абзал Досым,
журналист, блогер.
Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket