Тоқаев биологиялық қауіпсіздік туралы Заңға қол қойды

1884
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ақордаға" сілтеме жасап.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған заң жобасын Мәжіліс 2021 жылы желтоқсан айында мақұлдап, қажетті өзгерістер мен түзетулерді енгізген болатын.

Заң жобасының негізгі тұжырымдамасы биологиялық қатерлерді ерте анықтау және олардың алдын алу болып табылады. Негізгі Заң жобасы 8 тарау мен 32-баптан тұрады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер