Қазақстан арқылы Ресейге смартфондар жеткізіле бастады

2415
Adyrna.kz Telegram
Фото: club.dns-shop.ru
Фото: club.dns-shop.ru

Қазақстан арқылы Ресейге смартфондар жеткізіле бастады. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Соңғы айларда өз өнімдерін Ресейге сатуға ниет білдірген кейбір смартфон, планшет және ноутбук өндірушілері Қазақстанда олардың Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағына әкелінгені туралы хабарламаларды тіркей бастаған.

“Әңгіме хабарлама – Ресейде Федералдық қауіпсіздік қызметінде, ал Қазақстанда – Ұлттық қауіпсіздік комитетінде тіркелген құжат туралы болып отыр. Ол ЕАЭО-ға криптография және шифрлау элементтері бар тауарларды әкелу үшін қажет”, деп хабарлады РБК Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарламалары туралы.

Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері ФСБ-ға хабарламалар беру мерзімдері айтарлықтай ұлғайған.

“Қазақстанда компаниялар Ұлттық қауіпсіздік комитеті арқылы хабарлама ала алады. Ресей Қазақстанмен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше. Онда хабарландырудың қайсысы берілгеніне қарамастан, оған кіретін барлық елдерге құрылғыларды импорттауға болатын ереже бар”,- деп жазады Cnews.

Ал Gazeta.ru сайтының хабарлауынша, Ресейдің ірі дүкендерінде орташа санаттағы смартфондардың бағасы күрт көтерілген.  Бұл әсіресе Қазақстан арқылы әкелінетін гаджеттерге қатысты. Қазақстан арқылы гаджеттерді жеткізуді ұйымдастыра бастаған компаниялардың арасында Huawei, Intel Corporation, Lenovo, Hewlett Packard және т.б. бар.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер