Автобуста оқушы қызға тиіскен Нұр-Сұлтан тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды

2504
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram
Фото: Instagram

Автобуста оқушы қызды қорлады деген күдікпен ұсталған азамат 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы қыздың анасы әлеуметтік желіде жазба жариялады, содан кейін бұл хабар бүкіл Қазнетте тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полицейлерге 19 мамырда елордалық қоғамдық көлікте 12 жасар қызды қорлаған ер адам туралы хабарлама келіп түсті.

Анасының айтуынша, ер адам қыздың жамбасына қолын тигізіп, қыз одан алыстамақ болғанда, ол тағы да жақындап, әрекетін қайталаған. Анасына бейнеқоңыраудан кейін ғана ер адам қашып кеткен.

«Полиция қызметкерлері дереу ер адамды ұстау шараларын қабылдады. Жедел-іздестіру шаралары барысында бұл азамат ұсталды», - деп атап өтті Д.

33 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер