Бүгін Димаш Құдайбергеннің туған күні

3230
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әлемге танымал әншіміз 28 жасқа толды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.

Димаш қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән орындайды. Димаш Құдайбергенов Қытайдың "I am a singer" (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың барлық кезеңінен өтіп екінші орынды жеңіп алды.

Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді. 2017 жылы Азияның «Грэммиі» саналатын «Top Chinese Music Award» сыйлығын «Азияның ең танымал әншісі» аталымында жеңіске жетті. Сондай-ақ көптеген халықаралық жүлделердің иегері.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер