Ресейлік министр доллар мен еуроны "уытты фантиктер" деп атады

1903
Adyrna.kz Telegram
Фото. ашық дереккөз
Фото. ашық дереккөз

Ресей қаржы министрі Антон Силуанов қаржы университеті студенттерінің алдында сөйлеген кезде доллар мен еуроны "уытты фантиктер" деп атады, деп хабарлайды"Адырна" ұлттық порталы "azattyq.org" сайтына сілтеме жасап.

"Валютаның не керегі бар? Яғни, біз өз байлығымыз - газды сатып, орнына фантиктер, уытты фантиктер алып жатырмыз. Олардың не қажеті бар?"- деді министр.

Лекция барысында ол студенттерге Украинадағы "арнайы операция" (Ресей билігі Украинаға басқыншылығын соғыс деп атауға тыйым салған) "көп ресурсты" талап етеді деп айтқан, бірақ нақты көрсеткіш келтірмеген.

Оның айтуынша, экономиканы қолдау үшін биыл 8 трлн рубль бөлінген (салыстыру үшін: мысалы, 2022 жылы Ресей зейнетақыны төлеуге 600 млрд рубль жұмсайды).

Наурыз айының соңында Ресей президенті Владимир Путин Ресей газын Еуропа елдеріне рубльмен сатуды тапсырған. Ол үшін олар Ресей банктерінен есепшот ашуы тиіс. Нәтижесінде төлем бәрібір еурода жүргізіледі. Банк ішкі нарықтан рубль сатып алып, оны газ сатушының рубльдік есепшотына аударады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер