Байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек — Тоқаев

2971
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туды пайдалану тәртібін қайта қарастыру қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Туған жерге туыңды тік» деп халқымыз бекер айтпаған. Біз – туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес. Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі – сіздер, яғни зиялы қауым»,– деді Президент.

Пікірлер