Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің мәйіті табылды

2983
Adyrna.kz Telegram

Құтқарушылар 2 маусымда «Сарбаз жағажайы» ауданында серфингпен айналысамын деп, суға батып кеткен жасөспірімнің мәйітін тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2005 жылғы жасөспірім Бейнеуден келген. Маңғыстау облыстық ТЖД-дан хабарлағандай, жасөспірім теңізге арнайы тақтаймен (SUP-board) шыққан. Оның мәйіті жағадан жүз метр қашықтықтан табылды.

«Таңғы сағат 8:35-те Каспий теңізінде ТЖД күштік құрылымы 2005 жылғы азаматтың мәйітін тауып, судан шығарды. Ол 2 маусымда серфинг тақтайымен жүзіп жүріп, батып кетті», – деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас тергеушісі Есен Борашев.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер