Мәсімовтің банк басшылығына қысым жасағаны рас па?

2202
Adyrna.kz Telegram
Фото: bugin.kz
Фото: bugin.kz

Назарбаев билігі кезіндегі саяси қысымдар туралы бұрын «Наурыз банктін» басқарған, қаржы вице-министрі, Ұлттық банк басшысының орынбасары болған Оразалы Ержан Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Ulysmedia.kz»-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Назарбаевтардың талабына келіспегеннен кейін өзіне жала жабылып, ақша жымқырды деген айыппен түрмеге жапқан.

«2004 жылы маған Премьер-министрдің орынбасары Кәрім Мәсімов телефон соқты.  «Үлкен кісі (Нұрсұлтан Назарбаев, авт.) мынадай шешім қабылдады: сенің банкіңе Әлия Назарбаева 50% партнер болады» деді. Осы мәселе бойынша бірнеше рет кездестік. Банктің өсуіне одан қандай пайда болатынын талқыладық. Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 39 мекен-жайындағы ғимаратымыздың 12-қабатын Әлияға кеңсе қылып беруімізді сұрады. Талқылай келе Кәрімге звондап, әріптестік туралы ұсыныстан бас тарттым», - деді О.Ержанов.

Бұл ұсыныспен шектелмей, Назарбаевтың тағы бір жақыны банктен үлес алғысы келген.

Бұл оқиғадан кейін Оразалы Ержанов Ресейге кетіп, 2005-2010 жылдар аралығында Мәскеуде тұрған. 2010 жылы Мәскеуде ұсталып, бір жарым жыл сонда отырып, 2011 жылы Қазақстанға депортацияланды. 2012 жылы 3 млрд-тан астам ақша жымқырды деген айыппен 5 жылға сотталды.

«Адырна» ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер