Никарагуа Президенті өз елінің аумағына Ресей әскерін кіргізуге келісті

1889
Adyrna.kz Telegram
Фото: eadaily.com
Фото: eadaily.com
Никарагуа президенті Даниэль Ортега өз территориясына Ресей мен басқа елдердің әскери күштерінің гуманитарлық мақсатта уақытша болуына рұқсат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы      

Бұл туралы La Gaceta үкіметтік газетіне сілтеме жасап, El Pais жазды.

"Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің қызметкерлері, кемелері мен авиациясы жаттығулар, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету мақсатында, төтенше жағдайлар немесе табиғи апаттар кезінде іздестіру-құтқару және авариялық - құтқару жұмыстарын жүргізу үшін территориямызға кіре алады", - делінген хабарламада.

Никарагуа, Гондурас және Сальвадордағы Ресей елшісі Александр Хохоликов бұған дейін Ресей Федерациясының әскери мамандары Никарагуада ашық және заңды түрде жұмыс істейтінін, қажет болған жағдайда кемелер мен ұшақтар осы елдің порттары мен аэродромдарында бола алатындығын растады.

 

 "Адырна" ұлттық порталы      

Пікірлер