Шымкентте балабақша меңгерушілері бюджет қаржысын жымқырған

2690
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізген. Олар мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді», делінген хабарламада.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер