Түрмедегі RBK Bank-тің экс-басшысы Жомарт Ертаев тағы бір жаңа қылмыстық іс бойынша айыпталды

2781
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Түрмедегі RBK Bank-тің экс-басшысы Жомарт Ертаев тағы бір жаңа қылмыстық іс бойынша айыпталды. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қылмыстық іс аясында тергеуші Жомарт Ертаевтың қатысуымен қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Ертаевтың мәртебесі «қорғауға құқығы бар куәгер» деп анықталған, соңғысына күдік келтірілмеген» деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалау органы құқық қорғау органдарына жаңа өтініш Банк RBK өкілдерінен түскенін растады.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша жүргізілуде.

Еске салайық, 2020 жылдың 16 қарашасында «RBK Bank » АҚ-на жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Экс-банкир Жомарт Ертаев банктен 144 млрд теңге жымқырды деп айыпталды. Оның мүлкі тәркіленіп, өзі 11 жылға бас бостандығынан, 10 жыл мерзімге банк қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер