Талғарда жүк көлігі тұрғын үйге соғылды

2330
Adyrna.kz Telegram

16 маусым күні Талғар қаласында ГАЗ-53 жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, Садовая көшесіндегі үйдің қақпасына соғылып, артынша оның бір қабырғасына барып тірелген. Апат кезінде үйде ешкім болмаған.

«50 жастағы ГАЗ-53 жүргізушісі зардап шекті, ол түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды. Басқа зардап шеккендер жоқ», - деді полиция.

Аталған факт бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Пікірлер