Нұрбол Назарбаевтан зардап шеккен тағы бір кәсіпкер табылды

2011
Adyrna.kz Telegram

Бірге  бизнес жасап, жанжалдасқан тағы бір кәсіпкер Нұрбол Назарбаевты кінәлап,  талап қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұрбол Назарбаевпен болған жанжалды оқиғада айыпталушылардың бірі (өзінің өмірінен қорқып) ашық видеоролик жариялады. Максим Костенко да «күмәнді  істерге» араласып, Қайрақпаевтың сөздеріне ашық бейнежазба түсіріп алған.

Осыдан екі аптадан  аз уақыт бұрын «Сапар Агро» серіктестігінің бұрынғы директоры Ержан Қайрақпаев Нұрбол Назарбаевтың қолынан жапа шеккенін айтты. Осылайша ол тағы екі адамды айыптады. Одан кейін шаруаның серігі Марат Нұрпейісов айғақ келтіріп, өзіне тағылған айыпты жоққа шығармақ болған.

 

Еске салайық, Қайрақпаев өзінің видеосында 2013-2017 жылдар аралығында Алматыдағы «Алтын Орда» базары мен басқа да ірі дүкендерге ет өнімдерін жеткізумен айналысқанын айтқан. Сосын Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол оның кәсібіне қызығып, оның сыбайластары Марат Нұрпейісов пен Максим Костенко екеуі шаруадан 148 бас ірі қара, 452 бас ұсақ мал мен үш жылқы алып кеткен.

Қаржыгер әрі аудитор Максим Костенко Қайрақпаевтың видеосына қатысты пікір білдірді. Алайда ол қазір өз өміріне қауіптенеді.

 — Мені бөтеннің мүлкін иемденумен, рейдерлікпен айналысты дегенді естіп, таң қалдым. Бұл таңқаларлық. Мен ауылда өстім, бірақ мал ұрлығымен айналыссам… таң қалдым, айтарға сөзім жоқ,-  деп ол бейнажазбада өз ойымен бөлісті.

Ер адам кейін біреуге өте қажет болып қалған жер телімін алғанын айтты. Ол сатып алудың негізгі  мақсаты — қайта сату немесе активті дамыту үшін инвесторлар  тарту болғанын түсіндіреді.

— Бұл учаскенің  неліктен қызығушылық тудыратыны түсінікті – бұл өз инфрақұрылымы бар үлкен нарықтың бір бөлігі. Инвесторлық  болашағы зор, мен білемін. Оның болашағын  мен ғана емес, «Алтын Орда» базарының қазіргі иелері де түсінеді. Менің досым Марат арқылы маған активті арзан бағаға сатуды ұсынды. Мен бас тарттым, бірақ олар маған құқық қорғау органдарындағы байланыстары арқылы  қысым көрсету  мүмкіндіктері  бар екенін айтты, – дейді  Максим Костенко.

Костенко өз жері үшін сотқа беруге және күресуге дайын екеніне сендіреді. Ол ел басшылығы айналасында не болып жатқанын және белгілі бір адамдарды қызықтыратын басқа да активтердің бар екенін  білмейді деп санайды.

— Менің естуімше, Алтын Орда басқаның қолына өтті. Бұл жағдай  менің отбасымда болуы мүмкін. Бірдеңе бола қалса, менің мүлкімді талап ететіндер сол адамдар болады. Бейнежазбаға қарағанда ар-ождан  деген сөз олардың үш ұйықтаса – түстеріне кірмейді. Олар үшін ең бастысы ақша мен жеке мүдде», – деп түйіндеді Костенко.

Бірақ Костенко нақты есімдерді атамады, құжаттарды көрсетпеді. Сондай-ақ қай учаске туралы айтып жатқанын нақтыламады.  Дегенмен, ер адам жағдайдың озбырлықсыз шешілетініне сенеді.

“Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер