«Көлікте өртеніп кетті»: Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды

4004
Adyrna.kz Telegram

«Павлодар-Қызылорда» тасжолының 25-ші шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екі көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы жұмылдырылды.

«Үш адам зардап шекті. 35 жастағы ер адамның омыртқа сүйегі сынған, ал 23 жастағы ер адамда жабық бассүйек-ми жарақаты анықталды. Екеуі де Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына жатқызылды. 36 жастағы жолаушының денесі күйіп кеткен. Оның жеке басын анықтау мүмкін болмады»,— делінген хабарламада.

Пікірлер