Парламентте 78 заң қабылданды

2507
Adyrna.kz Telegram

Парламенттің ІІ сессиясында депутаттар Үкіметпен бірлесіп, 78 заң қабылдады. Бұл туралы бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, заң шығару процесінде адам құқықтарын қорғау мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше басымдық берілді. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге де назар аударылды. 18 заңға сенаторлардың өздері бастамашы болды. Депутаттар тек отырыс залында ғана емес, сыртта да едәуір жұмыс атқарды. Мәселен, өңірлерде тұрғындармен 500-ден астам кездесу өтті.

«Үкіметке 140 сауал жолдаған сенаторлар Мемлекет басшысы алға қойған мақсат-міндеттерді орындауға барынша атсалысты. Сессия барысында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған кешенді іс-шаралар мен қоғамдық саяси бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән берілді. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жан-жақты қолдауға арналған нормалар да қабылданды. Осыған орай сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатымен заңға бастамашылық ету құқығын кеңінен пайдаланды. Бірінші сессияда Сенат депутаттары 7 заңға бастамашы болса, бұл сессия бойынша 18 заңға бастамашылдық жасады»,— деді ол.

Пікірлер