Бетперде тағу тағы да талап етіле ме?

537

Қазақстанда маска тағу режимі мәселесі коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланбақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Azattyq Ruhy"-на сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

— Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Біз оны ведомствоаралық комиссияның қарауына беріп, сол жерде талқылаймыз. Тек маска тағу ғана емес, ПТР-тестін де алып тастаған болатынбыз. Қабылданған шешімді міндетті түрде хабарлаймыз, - деді Ералы Тоғжанов.

Ол сондай-ақ, бүгінгі күннің басты мәселесі екпе жұмыстарын күшейту екенін айтты.

Айта кетсек, бүгінгі таңда еліміз бойынша күн сайын шамамен 100-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталып жатыр. COVID-19 вирусын жұқтырғандардың басым көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркеліп отыр. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket