Сенат депутаты елорда күнін тойлау қайта қаралуы мүмкін екенін айтты

1848
Adyrna.kz Telegram
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Елорда күнін тойлауды қайта қарау мүмкіндігі бар екенін айтты. Қазіргі таңда бұл мереке 6 шілде күні тойланып жүр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "orda.kz"-ке сілтеме жасап.

«Елорда күні қажет. Неге оны қайта қарастырмасқа? Бұл болашақтың ісі – оны кейбір тарихи даталарға тікелей байланыстыру керек» — деді Әлназарова.

Сондай-ақ, депутат Тұңғыш Президент күнін мерекелеу мәселесі де қарастырылатынын атап өтті.

«Бұл мәселе шешіледі. Мереке қайта форматталуы мүмкін. Бірақ жалпы алғанда, иә, бұрындағы авторитарлық тетіктер маңыздылығын жойды» — деді Ақмарал Әлназарова.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов елорданың атын өзгерту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Неге жоғарыдан біреу келіп, бірдеңені өзгертуі керек деп күтеміз. Қоғам – азаматтық қоғам. Ол өзін түрлі платформалар арқылы бастау керек, осы нәрселерді жеткізу керек. Қоғамды алаңдатып отырған мәселе бар, оны көтеру, талқылау керек. Егер қоғам тарапынан сұраныс болса, соған жауап береміз» — деді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер