Болат Жәмішев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына кірді

3679
Adyrna.kz Telegram

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына енгізу - «Самұрық-Қазына» қорының қызметіне бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі. «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында кандидаттарды ашық конкурспен іріктеу арқылы құрылды. Оның құрамында 10 адам бар: 7 азаматтық қоғам өкілі және қордың 3 өкілі. Кеңес бас қордың, оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңес мүшелерінің жұмысы қоғамдық бастамалар негізінде жүзеге асады. Болат Жәмішев Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Экономика ғылымдарының кандидаты", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер