Белгілі кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 7 жылға бас бостандығынан айырылды

3655
Adyrna.kz Telegram

Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, Esentai City жобасының авторы Алмас Әбдіғаппаров 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Медеу аудандық №2 сотында белгілі кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты сот үкімі шықты. Ол Esentai City элиталық тұрғын үй кешеніндегі төрт вилланы сатып алушының 1 миллион долларын жымқырды деп айыпталды (салушы – «AV-Construction» ЖШС).

"Алмас Алтайұлы Әбдіғаппаровты ҚР ҚК 189-бабы 4 - бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, жеті жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деп үкім шығарды судья Тұрсынхан Саликов.

Сондай-ақ, сот жәбірленушілердің талап арызын толық көлемде қанағаттандырып, Әбдіғаппаровтан 418 млн теңге өндіріп алды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер